Кісі өліміне күдіктілер Алматы қаласынан ұсталды


Адам өлтіруге қатысы бар екі күдікті ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
«Биыл 14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді. Аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан іздеуде болған», - делінген хабарламада.
Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.



