Әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері бюджеттен 46 млн теңге ұрлаған

Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері мемлекет бюджетінен 46 млн теңгеден аса қаражат ұрлаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Істі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексерген. Бұлтартпас айғақтар барына қарамастан, сотта үш айыпталушы жасаған қылмыстарын мойындамаған.
«Мемлекеттік айыптаушылар K., T., Д. алдау және сенімге қиянат келтіру арқылы мемлекетке 46 млн теңгеден аса шығын келтіріп, мүлікті ұрлағанын дәлелдеді.
Петропавл қалалық соты оларды 6,6 жылдан 6,8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар