00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер бөтеннің велосипедін теуіп кеткен азаматты анықтады

14 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық полицейлер бөтеннің велосипедін теуіп кеткен азаматты анықтады
фото: polisa.kz

Астаналық полицейлер паркингтен бөтеннің велосипедін теуіп кеткен азаматты анықтады,деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында велосипед ұрлығына қатысы бар 25 жастағы ер адамды анықтады. Тергеу барысында күдіктінің күндізгі уақытта Достық көшесіндегі паркингтен өтіп бара жатып, велосипедті байқап қалып, жақын жерде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, оған мініп кетіп қалғандығы анықталды. Күдікті оң жақ жағалауға жетіп алған соң, велосипедті бейтаныс адамға 40 мың теңгеге сатып жібергені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында велосипед ұрлаудың тағы 3 фактісіне қатысы бар екендігі анықталды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыс. Күннің жылынуына байланысты көптеген азаматтар екі доңғалақты көлікке ауысып жатыр. Мұны қаскөйлер қоғамдық орындардан ұрлық жасау үшін пайдаланады. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, велосипедтерді қараусыз қалдырмауды және ұрлыққа қарсы жоғары сапалы велосипед құлыптарын қолдануға кеңес береді. 

Егер сіз күдікті адамдарды байқасаңыз “102” арнасы арқылы полицияға хабарлаңыз.