Елордада мас күйінде мотоцикл тізгіндеген жүргізуші көлікпен соқтығысты
14 тамыз, 2023
Елорда ақпарат
фото: polisa.kz
Елордада «Мас жүргізуші – қылмыскер!» атты жедел-профилактикалық іс шаралар үнемі жүргізіліп тұрады, деп хабарлады Elorda.info.
Polisia.kz мәліметінше, 4 күн ішінде жергілікті рейдтік іс-шаралар барысында 25-ке жуық жүргізуші медициналық куәландыру жүргізу үшін Астана қаласының наркология және психотерапия орталығына жеткізілді
Коммуналдық тұраққа 22 автомашина және 5 мотоцикл қамалды. Сағат 09:00 шамасында 21 жастағы жүргізуші мас күйінде, Yamaha маркалы мотоциклін басқара отырып, көлік құралын басқару құқығына ие бола алмай, Әл-Фараби көшесімен Қошқарбаев даңғылына қарай жүріп келе жатып, қажетті қашықтықты сақтамай, Opel Omega автокөлігімен соқтығысуға жол берді. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды