00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада есірткі қойып кетуші курьер анықталды

4 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада есірткі қойып кетуші курьер анықталды
Фото: видеодан скрин

Астаналық полицейлер есірткі қойып кетуші курьерді анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

24 жастағы күдікті өз әрекеттерін үйлестірушінің нұсқауымен астаналық жастар арасында одан әрі тарату үшін «тауарларды» алған интернет-дүкеннің көмегімен жүзеге асырып отырғаны белгілі болды.

Жеке тінту кезінде оның әмиянынан ұнтақ және түйіршіктер түріндегі зат салынған 35 бума тәркіленді. 

Тәркіленген зат салмағы 31 грамм мефедрон есірткі заты екені анықталды, - делінген Polisia.kz telegram каналында.

Жас жігіт қамауға алынып, аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Негізгі айыпталушыларды анықтау және одан әрі ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.