Елордада 7 млн теңге берешегі бар жүргізуші анықталды


Астанада полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында құқықбұзушылықтарды анықтап, жеке сот орындаушыларының қаулылары негізінде бірқатар шаралар қабылдауда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылған Chevrolet автокөлігінің жүргізушісінің банктік ұйым алдында 7 миллион теңгеге жуық берешегі бар екені белгілі болды.
Заңнама талаптарына сәйкес, көлік коммуналдық айыптұрағына орналастырылды. Жүргізушіге қатысты материалдар сот орындаушыларға жолданды.
«Қауіпсіз жол» іс-шарасының мақсаты – жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік жүргізушілерінің құқықтық жауапкершілігін арттыру және жолдағы заңсыздықтардың алдын алу.
Полиция департаменті азаматтарға қаржылық және құқықтық міндеттемелерді уақытылы орындаудың маңыздылығын еске салады және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.