Динара Зәкиева: Күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы мен Түркістан облысында болған екі қыздың жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады elorda.info.
Обсудсмен өзінің Facebook парақшасында Түркістан облысындағы 5 жасар қыз бен Алматыдағы 7 жасар қыздың қайғылы өлімі жергілікті профилактикалық жүйенің жоқтығынан орын алды, деген пікір айтты.
Күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады. 70 пайыз жағдайда бұл дер кезінде көмек көрсетпеудің және алдын алмаудың салдары болып табылады. Жұмыс негізінен зардаптарымен ғана жүргізілуде. Ал осы екі жағдайда қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатын еді, – деп жазды ол.
Зәкиева уақтылы байқап, жауап беруі тиіс қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселемен уәкілетті органдарға жүгінгенін айтты.
Қыздарды қайтара алмайтынымызды, мұның алдын алуға болатынын түсіну өте ауыр. Мен уақытылы есеп беріп, жауап беруге тиіс қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселені көтеріп, уәкілетті органдарға жүгіндім. Қыздардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, – деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол жағдайды жүйелі түрде түзету мақсатында қазір балалар құқықтарының бұзылуын болдырмау кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын жазды.