БҚО-да ағасымен аңға шыққан оқушыға оқ тиді
Құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс – Президент
Белгілі болғандай, 11-сынып оқушысы ағасымен бірге аң аулауға барған. Сол сәтте 30 жастағы жігіт абайсызда інісін атып алған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 114-бабы («Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ал Білім басқармасы олар оқиғаның қалай болғанынан бейхабар. Алайда оқ баланың көзіне, бетіне және мойнына тиген. Ата-ана тарапынан ешқандай шағым түспеген.
Оқыс жағдайға қатысты аудан әкімі Мұрат Сердалин де пікір білдірді.
Аңға шыққандардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған тек бір бала болған. Қалғандары – ересек адамдар. Аңшылардың қару қолдануға барлық рұқсаты бар, – деді ол.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы оқушының жағдайын кейінірек хабарлайтындарын жеткізді.