«Автобус жолаушысын ұрған»: Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам бұрын істі болған

7 наурыз, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Автобус жолаушысын ұрған»: Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам бұрын істі болған
фото: видеодан алынған кадр

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам бұған дейін автобус жолаушысын ұрғаны үшін істі болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің екі іске де бір адамның қатысы бар екенін растайды.

«Бұрын хабарланғандай, қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сот тергеу барысында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу шарасын таңдады.Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен»,- деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқи отырыңыз: «Әкемнің інісі»: Бағлан Әбдірайымов Алматы әуежайында қызды құтқарған ер адам кім екенін айтты

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде Алматы әуежайында болған оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады. Желіде тараған видеодан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.

Кейін күдіктіні ұстауға көмектескен ер адамның кім екені белгілі болады.