03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанадағы автобус апаты: Бір жолаушы аяғынан айырылды

|
Photo: Фото: t.me/astanovka98
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанадағы автобус апаты: Бір жолаушы аяғынан айырылды

|
Photo: Фото: t.me/astanovka98

Елордада жолаушылар автобусының апатқа ұшырауы салдарынан бір адам аяғынан айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2 маусымда Республика даңғылындағы болған жол-көлік оқиғасына қатысты Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйге жіберілді.

Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр деп бағаланады. Бір пациентке аяқтың төменгі жағына ампутациясы жасалды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Республика даңғылы бойында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанаға соғылып, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілгені туралы хабарлаған едік. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗