00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада тұрғын үйдің паркингінен өрт шықты

6 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада тұрғын үйдің паркингінен өрт шықты
Фото: Астана қаласы ТЖД

Елордалық өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің бірінде жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Elorda.info.

Бүгін сағат 11:56-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі ТК паркингінен өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша шықты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін келіп, автотұрақта көлік жанып жатқанын анықтады.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірушілер адамдарды жоғары қабаттардан эвакуациялап жатыр.