Астанада алаяқтық жолмен айфон иемденген жасөспірім анықталды
15 маусым, 2023
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Астаналық полицейлер алаяқтық жолмен телефон иемденген 17 жастағы кәмелетке толмаған баланы анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Тергеу барысында белгілі болғандай, жасөспірім қала ішінде жүру үшін скутерді жалға алған.
Кешкі уақытта ол Ақсай көшесінде өзімен құрдас елорда тұрғынымен танысып, скутерді оның «Iphone 13» маркалы ұялы телефонымен айырбастауды ұсынған. Ұсынысты қабыл алған жәбірленуші, скутер иесі GPS арқылы көлікті тауып алған кезде, алаяққа алданғанын түсінген.
Кәмелетке толмаған бала мойындау көрсетпелерін берді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жасөспірім заңды өкілдеріне тапсырылып, ювеналды полиция қызметкерлері оны ерекше бақылауға алды.
Ұқсас жаңалықтар