Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты болды, деп хабарлады Elorda.info.
Екі көліктің соқтығуы салдарынан болған апаттан 3 адам бірдей қайтыс болды.
27 тамыз кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota Land Cruiser 100 автокөлігімен соқтығысқан, - делінген Polisia.kz Telegram каналында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.
Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жол апаттарының негізгі себебі – жылдамдықты арттыру және қарама-қарсы бағытқа шығу.
Полицейлер барша жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.