Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Бүгін, 12:46
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
фото: видеодан алынған кадр/t.me/qazavtojol

2025 жылғы 11 тамыз сағат 00:10 шамасында «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1396-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған.

«Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру керектігін ескертеміз»,- делінген хабарламада.