00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағанды облысында жарық өшіп қалған шахтадан 155 адам эвакуацияланды

8 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қарағанды облысында жарық өшіп қалған шахтадан 155 адам эвакуацияланды
фото: Қарағанды облысы әкімінің сайтынан

Қарағанды облысында «Абай» шахтасында жарық өшуіне байланысты 155 шахтер дереу жер бетіне шығарылды. Бұл туралы Elordainfo.kz QARMET АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қараша күні сағат 20:29-да кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына «Абай» шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түскен.  Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.

Жедел түрде эвакуация жоспарына сәйкес, ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды.

«Кәсіпорынның барлық қызметтері жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс жасады. Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді. Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр», - делінген хабарламада.