«АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы тазалық жұмыстарын жүргізді

Бүгін, 14:40
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views61
«АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы  тазалық жұмыстарын жүргізді
Фото: «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінен

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін Астана маңындағы «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының» аллеясын тазартып, құрғап қалған ағаштарды кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұндағы мақсат – тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

Бүгінгі тазалық жұмыстарына 10-нан астам адам үлесін қосты.

Еске сала кетейік, «Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының» аллеясы 2022 жылы 27 мамыр күні ашылды. Сол күні Саяси қуғын-сүргіндердің басталғанына 85 жыл және «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ашылғанына 15 жыл толуына орай өткен «Ұрпақтар есінде» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Соның аясында өткен аллеяның ашылу рәсіміне Қазақстандағы және шет елдердегі репрессия құрбандарының ұрпақтары, Қазақстанға қоныс аударылғандар, ғалымдар, тарихшылар, зерттеушілер, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысқан болатын. Бұл естелік аллеяны күтіп-баптап ұстау - «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы үшін үлкен жауапкершілік.