00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда жер сілкінісі сезілді

22 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото: ашық дереккөз

 Бұл Қытайда болған жер сілкінісінен кейінгі дүмпу болды.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы»  ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпан сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында – афтершок. Сезілу деңгейі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ, – деп жазылған хабарламада.

Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрілігі азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес берді.