Алматыда шетелдік екі азамат тауға шығып түсе алмай қалған
Кеше 2023 жылғы 3 тамызда сағат 19:35-те Іле Алатауы тауларында шетелдік ерлі-зайыптылар Башут шыңынан өздігінен түсе алмайтыны туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлады Elorda.info
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша ерлі-зайыптылар 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Зардап шеккендерді іздеуге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы мен қаладағы құтқару қызметінің құтқарушылары шықты.
Сағат 20:45-те турист тауда жүрген жастардың көмегімен байланысқа шықты. Олар телефон арқылы құтқарушыларға нақты тұрған орындарын айтты. Сағат 23:36-да құтқарушылар зардап шеккендерге жетті. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес. Туристерді Медеуге дейін жеткізді. Польшаның екі азаматы, 1987 жылы туған әйел адам мен 1983 жылы туған ер адам құтқарылды,-деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.
Шетелдік азаматтар құтқарушыларға алғыс білдірді.