00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды

24 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Оқиға «Алматы-Астана» тас жолының 35-ші шақырымында жеңіл көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан болған, деп  хабарлады Elorda.info.

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"23 наурыз күні  «Алматы-Астана» тас жолының 35-ші шақырымында ауыр салмақты DAF көлігі мен Daewoo жеңіл көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі зардап шегуші жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың бірі есін жимастан қайтыс болды" - делінген  Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері басталды.