Алакөлде адамдар отырған катамаран сынып қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин
Абай облысы Мақаншы ауданы Алакөл көлінде жағалаудан 350 метр қашықтықта 6 адам отырған катамаран сынып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құтқарушылар жедел көмекке жетіп, катамаранды сүйреп, жасөспірімдерді жағаға жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, катамаранның басқару тетігі істен шыққан.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдегі туристік қызмет сапасына қатысты Үкіметке тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Үйіне қайтарып жіберген: Жамбыл облысында 6 жасар қыз көз жұмды

10 қазан, 2025
Екібастұзда ішімдік ішкен 3 ер адам мен 3 әйел ажал құшты

10 қазан, 2025
Астанада полиция жасөспірімді ұрып-соғып қашып кеткендерді іздестіріп жатыр

9 қазан, 2025
Ерболат пен Эльмира Жанабыловаларға қатысты сот қорытындысы өзгеріссіз қалдырылды