Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді
Абай облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Elorda.info.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы сейсмикалық станциялар желісі ЖШС 8 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 22.41-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 682 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,9. Магнитудасы MPV 4.2. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 47,61°. 82,97° шығыс Тереңдігі 15 км. Ақпарат бойынша (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілу қабілеті жоқ», - деп хабарлады сейсмологтар..
Қоса беріліп отырған картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Абай облысы, Зайсан көлінің батысында, Ақсуат ауылының маңында болған.