00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

21 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақмола облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
коллаж Elorda.info

Ақмола облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Трансұлттық ұйымдасқан топ құрған 3 шетелдікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласында жеке үй сатып алып, сол жерде психотроптық заттарды дайындап, сақтаған. Тінту кезінде 12 кг астам мефедрон және 17 кг астам прекурсор тәркіленді.

Топ мүшелерінің арасында рөлдер мен міндеттер нақты өзара айқындалған. Есірткі зертханасында салқындату, желдету жүйелері, сондай-ақ синтетика өндіру үшін арнайы жабдықтар болған. Есірткі жасырын түрде, қатаң құпиялықты сақтаумен дайындалған. Күдіктілер көршілерде күдік тудырмас үшін үйден тек қажет болғанда ғана шығып, үйдің периметрі бойынша ұйымдастырушының Wi-Fi желісіне шығатын бейнебақылау камераларын орнатқан. Сонымен қатар олар есірткі әзірлеуге арналған шикізаттар мен дайын өнімді сақтау үшін гараж бен автокөлік сатып алған. Бұл мүліктердің барлығы көлеңкелі схемамен төленіп, шетелдік сатып алушының атына тіркелмеген, – деді ІІМ имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы Шыңғыс Алекешев.