00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

Алматы тұрғындары «TikTok» әлеуметтік желісінде ақшаны алу және ұтыстарды банк аударымдары арқылы берумен онлайн құмар ойындарды ұйымдастырған, деп хабарлады Elorda.info.

Тергеу барысында азаматтардың әлеуметтік желілерде 4 ай ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 13 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде кіріс алғаны дәлелденді. Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазды ҚМА баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сот заңсыз ойын бизнесі саласында аса ірі көлемде кіріс алу арқылы осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған 4 тұлғаға қатысты істі қарауда.