Ақмола облысында қару сақталған қойма табылды
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қарудан тұратын арсенал табылды, деп хабарлады Elorda.info.
40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.
Тінту іс-шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі.
ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар