00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар ұсталды

Елордада заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар ұсталды

Астанада цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқанын әшкереледі, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агентігіне сілтеме жасап.

Аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар қылмыстық әрекетін Астана қаласының аумағында 2021-2023 жылдар аралығында жүзеге асырған.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушылардың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді. «Binance» платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды.

Алдын ала есеп бойынша «Binance» платформасындағы крипто айырбастау пунктінің криптоәмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, ҚМА жұмысында негізгі назар көлеңкелі бизнеске қарсы іс-қимылға бағытталған. Былтыр қабылданған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейінің 21,5% болжамды мәнімен 19,7%-ға дейін төмендеуіне оң әсер етті, – делінген хабарламада.