00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзарды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

2023 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін екі айға ұзартты, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың мамырында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ұсталғаны белгілі болды. Сол уақытта экс-министр Ұлттық музейді басқарған. 28 мамырда соттың санкциясымен оған қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Оқи отырыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты «Алтын адамның мұражайлары арқылы өтуі» халықаралық көрмесін өткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен тергеу жүргізді.