00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер үш күнде 150-ден астам киберқылмысты ашты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер үш күнде 150-ден астам киберқылмысты ашты

Елімізде “Аnti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Үш күн ішінде 156 қылмыс ашылды. Оның ішінде қылмыстық кодекстің “Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу”, “Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу”, “Порнографияны тарату”,  “Арнайы техникалық құралдарды тарату” баптары бойынша көптеген қылмыстар ашылды. Сондай-ақ ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған 13 ұрлық анықталды. Олардың қатарында банктік шоттан ақша ұрлау сияқты қылмыстар бар.

Сондай-ақ интернет пайдаланушыларға қатысты 283 алаяқтық анықталды. Бұл онлайн тауарлық және тұтынушылық кредиттерді рәсімдеу, кредиттерді рәсімдеу бойынша қызметтер көрсету туралы хабарландыруды орналастыру және т.б. қылмыстар.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық сериясына күдікті 20 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, жігіт Instagram-дағы жалған аккаунтын ашып, жәбірленушілерге банктегі несиелерді төмен пайызбен қайта қаржыландыруға уәде беріп, оларға біреудің жеке куәлігін жіберген.

Қазіргі уақытта күдіктінің 5 интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар екені дәлелденді, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, операция кезінде 154 лицензияланбаған диск пен флэш-диск тәркіленді, оларда жалған фильмдер, музыка, сондай-ақ лицензияланбаған Windows бағдарламалық жасақтамасы анықталды. Сонымен қатар, полицейлер үш “шпиондық” тыңдау құрылғысын тәркіледі.