00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада ірі жол апаты болды (ВИДЕО)

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бойында төрт көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлады Elorda.info

Полиция мәліметінше, оқиға 24 қаңтарда түнгі сағат 2-де болған. Әлеуметтік желіде апаттың видеосы тарады.

23 жастағы BMW көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Ермаков көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, Nissan Cefiro маркалы көлікпен соқтығысуға жол берді. BMW соққының салдарынан қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан Chevrolet Cobalt және Chevrolet Tahoe көліктерімен соқтығысқан, - деп түсіндірді Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова.

Chevrolet cobalt жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.