50 жастағы жігіт ағасы бір аяғы жоқ адамды тонап кетті (ВИДЕО)
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Семейде қарақшы 52 жастағы мүгедектігі бар адамды тонап кетті, деп хабарлады Elorda.info.
7 қаңтар күні полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын бір күн бұрын белгісіз адам дүкеннің жанында қолынан 4 мың теңгесін тартып алғанын айтқан.
Криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемнің жеке басын анықтады, ол қаланың 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды