00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада кәмелетке толмаған бала көлік ұрлаған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада кәмелетке толмаған бала көлік ұрлаған

Қала тұрғыны полицияға жүгініп, жеке үйдің ауласынан белгісіз адамдар оның Lada Largus автокөлігін айдап әкеткені туралы арызданған, деп хабарлады Elorda.info.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері 17 және 19 жастағы екі жігітті анықтады.

Тергеу барысында жастар түнде қала көшелерімен серуендеп жүргені белгілі болды. Айнакөл көшесінен өтіп бара жатып, олар оталдырып қалдырылған автокөлікті байқаған. Жас жігіттер көліктің тұтқасын тартып көріп, оталу кілттерінің салонда қалғанын байқап, аталған көлікті айдап әкеткен, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Кәмелетке толмаған баланы ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.