00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада массаж жасаушы кассадан ақша ұрлаған

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елордада массаж жасаушы кассадан ақша ұрлаған

Күдікті жұмыс күнінен кейін салонда түні бойы жалғыз қалған. Басқа қызметкерлердің жоқтығын пайдаланып, әйел кассадан 290 мың теңге көлемінде ақша ұрлаған, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде спа-салонның қызметкері ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ақша қаражаты тәркіленіп, иесіне қайтарылды.