00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық полицейлер дүкеннен шоколад ұрлаған ер адамды ұстады

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Астаналық полицейлер дүкеннен шоколад ұрлаған ер адамды ұстады

«Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасаған 41 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында ер адамның сағат 9.30 шамасында Есенберлин көшесінде орналасқан дүкендердің біріне келгені анықталды. Содан ол сатушының назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, 4 дана «Мерси» шоколадын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 17 мың теңгені құрады. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Сондай-ақ сауда орындарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауға кеңес береді.