51 жастағы жолаушы әйел екі түйеге соғылып, көз жұмды
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Жетібай-Ақтау тасжолында көлік түйеге соғылып, 51 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды. Тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлады Elorda.info.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 2022 жылғы 10 желтоқсанда сағат 19:00 шамасында болған.
Chery Tiggo 8 Luxury» автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатқан жолда екі түйені соққан. Апат салдарынан оқиға орнында 51 жастағы әйел мерт болды. Сонымен қатар зардап шеккен екі адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, онда оларға медициналық көмек көрсетілді, – деп мәлім етті жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды