Қарағанды облысында жүк пойызы релсьтен шығып кетті
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қарағанды облысының «Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр» учаскесінің 767 «Қарабас – ОП» аралығында жүк пойызынан 14 вагон рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеке меншік иелеріне тиесілі вагондардың рельстен шығуы олардың ақаулығына байланысты.
Болған жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды