Елордада ер адам жүргізуші куәлігін жасап беремін деп танысын алдаған
Астанада ер адам танысына төрт адамның жүргізуші куәлігін жасап беремін дегеніне алданып қалған, деп хабарлады Elorda.info.
Қала тұрғыны өзін алдап кеткенін айтып, полицияға жүгінген. Сөзінше, танысы оған белгілі бір сомаға төрт жүргізуші куәлігін сатып алуға көмектесемін деп ақшасын алып, ізін суытқан.
Тәртіп сақшылары ұстаған 36 жастағы ер адам кінәсін мойындаған.
Ұсталған азамат арызданушымен бұрын таныс болған. Әңгімелесу барысында алаяқ жәбірленуші мен оның туыстарына жүргізуші куәлігін алу түрінде көмек көрсетуді ұсынып, 600 000 теңге көлемінде ақша сұраған. Кейін айтқанын орындамай қашып кеткен, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызмет.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.