00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Шахтадағы апат: бесінші кеншінің денесі табылды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шахтадағы апат: бесінші кеншінің денесі табылды

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында болған төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар саны 5 адамға жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Сағат 09:09-да бесінші жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты шахтада апат болып, төрт адам көз жұмғаны хабарланған болатын. Тағы төрт адам ауруханаға түсті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.