00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Екі қызды зорлаған жігіт 9 жылға сотталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Екі қызды зорлаған жігіт 9 жылға сотталды

Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 4 қаңтарда Астрахан ауданының жеке үйлерінің бірінде бір-бірімен таныс жігіттер мен қыздар жиналған. Алкоголь ішкеннен кейін жігіттердің бірі екі қызға қатысты жыныстық қатынас жасаған. Оның дәлелі – сот-медициналық сараптаманың нәтижелері, зорлау фактісін растайтын дәлелдер. Жәбірленушілердің дене жарақаттары болды.

Келесі күні қыздар зорлаған жігіттің үстінен полицияға арыз жазған. Астрахан полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ПБ тергеушісі Ж.Такенова атқарған жұмыстың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиналып, кейіннен олар сотқа жолданды. 2022 жылғы 14 қазанда Атбасар аудандық соты қылмыстық іс бойынша күдікті Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғынын кінәлі деп танып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.