00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ресейліктерді тонаған екі азамат ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада ресейліктерді тонаған екі азамат ұсталды

Астаналық полицейлер ресейлік азаматтарды тонағандарды ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Түнгі уақытта "102" пультіне Сауран көшесіндегі жатақханада Ресей азаматтарын ұрып-соғып, мүлкін тартып алғаны туралы хабарлама келген. 

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ішімдік ішу кезінде жатақхана қонақтары арасында жанжал туындағанын анықтады. Бірге уақыт өткізгеннен кейін, ішінде Ресейдің екі азаматы бар жалға алушылар арасында төбелес болған. Мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен ақшаларын тартып алған, – делінген хабарламада. 

Полицейлер ШҚО мен СҚО-ның 29 және 32 жастағы екі тұрғынын ұстады, олардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған.

Күдіктілерге қатысты "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, заттай дәлелдемелер тәркіленді.  

Қазіргі уақытта күдіктілер мойындау көрсетпелерін беріп, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.