00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Үй алып беремін»: Астанада 77 жастағы алаяқ ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Үй алып беремін»: Астанада 77 жастағы алаяқ ұсталды

Астанада мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп алдаған зейнеткер ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, танысы оған мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп ақша қаражатын иемденіп кеткенін айтып арызданған.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 77 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті кез келген мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп жәбірленушінің 7 млн 450 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алған. Содан зейнеткер әртүрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен. Алаяққа алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған фактіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.