00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

19 мың тұрғын үйде 61 мың өрт қауіпсіздігін бұзушылық анықталды – ТЖМ

31 наурыз, 2023
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
19 мың тұрғын үйде 61 мың өрт қауіпсіздігін бұзушылық анықталды – ТЖМ

1 қазаннан бастап тұрғын үй секторында 186 өрт болып, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 1,5%-ға төмендеген.

Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Түркістан, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында өрттер санының өсуі байқалады. ШҚО мен Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандардың өсуі байқалады, - деп жазылған хабарламада.

15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін халыққа пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілді.

Аумақтық бөлімшелер халықтың әлеуметтік осал топтарының 105 933 тұрғын үйін есепке алды.Аралау барысында 98 461 тұрғын үйде 79 341 үй бұзушылықсыз пайдаланылатыны анықталды. 19 643 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 61 118 бұзушылығы анықталды.  13 633 бұзушылық сол жерде жойылды, - деп жазылған ТЖМ мәліметінде.