00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда полиция подполковнигін көшеде тепкілеп кеткен

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда полиция подполковнигін көшеде тепкілеп кеткен

Алматыда полиция подполковнигін белгісіз біреулер соққыға жыққан, деп хабарлады Elorda.info Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Оқиға 09 қазан сағат түңгі 00.30-да Алматы қаласы, Қоңыр көшесі мекенжайында болған.

«Понарама» мейрамханасы маңынан өтіп бара жатқан полиция подполковнигі Ринат Өтегеновті белгісіз біреулер соққыға жыққан. Подполковник ауыр дене жарақатымен №12 қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды ведомство.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жасалып жатыр.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен бес ер адам ұсталды. Полиция қызметкеріне жасалған шабуыл оның кәсіби қызметімен байланысты емес, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.