Жолаушылар пойызында өрт шықты
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойызында өрт шықты, деп хабарлады Elorda.info.
8 қазан күні сағат 02.45-те Көлік полициясына Жамбыл облысындағы "Бурный – Сұрым" өткелінде Қызылорда – Семей бағытындағы жолаушылар пойызының электрқондырғы бөлмесінде өрт болғаны жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына Көлік полициясының жедел-тергеу тобы келіп, дереу өртенген вагонның екі жағын ағытып, 34 жолаушыны қауіпсіз вагондарға шығарды.
Пойыз бригадасымен бірлесіп, Көлік полициясы патрульдік нарядының қызметкерлері Шамиль Керімбаев пен Ержан Майсупов жоғары кәсіби шеберлік көрсетіп, адам өміріне араша түсті.
Бірлескен іс-шараның нәтижесінде жолаушылар зардап шеккен жоқ.
Аталған факті бойынша тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды