Әскери бөлімде сарбаз өзін-өзі атып, қайтыс болды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамызда сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметші 2001 жылы туған Сабыров Абылай Берікұлы 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды.
Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген ведомство хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар