00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық өрт сөндірушілер жасөспірімді құтқарды (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық өрт сөндірушілер жасөспірімді құтқарды (ВИДЕО)

17 тамызға қараған түні сағат 00.20-да елордалық өрт сөндірушілер Ақмешіт көшесі, 11 мекенжайына шықты.

Келген бойда "Аси" тұрғын үй кешенінің он екінші қабатындағы пәтердің жатын бөлмесінде 10 шаршы метр алаңда жиһаз жанғаны анықталды.

Барлау барысында № 6 МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Жалғас Жауынбай газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында 2008 жылы туған, түтін шыққан пәтердің терезесінде тұрған жасөспірім баланы құтқарды. Он төрт жасар жасөспірім жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, дәрігерлер тексергеннен кейін №2 ММДБ-ға жатқызылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт сөндірушілердің күшімен 00.50 сағатта өрт сөндірілді.