Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды (ВИДЕО)
25 ақпан, 2023
Айман Нығмет
Күдіктілер бүгін шамамен 10.30-да «Көктем» саяжайында тығылып жатқан жерінен қолға түсті. 1991 және 2001 жылғы күдіктілер қашуға тырысқанымен, полицейлерден құтылған жоқ. Қылмыс орын алғаннан бері облыс бойынша кең көлемде іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оған Ұлттық ұлан жауынгерлері де тартылды. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес қайта сараланды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында, – деді Ж.Жаншин.
Ұқсас жаңалықтар