00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Тергеу барысында қаскүнем таңғы уақытта Қарталы көшесіндегі жатақхана бөлмесіне еркін кіріп, иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, Samsung телефонын жасырын ұрлап кеткені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам жатақханаларда бірнеше рет ұрлық жасаған. Ол бөлме тұрғындарының жұмысқа кетіп бара жатып, есіктерін ашық қалдырып кеткенін күтіп, сол сәтті пайдаланған.

Бүгінгі таңда оның елордадағы осыған ұқсас ұрлықтың 11 эпизодына қатысы бары анықталды. Қаскүнем қылмыстық жолмен тапқанын ұялы телефон сатып алушыларға немесе белгісіз адамдарға сатып жіберген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.