00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада банк қызметкері зейнеткердің депозитінен 6 миллион теңге ұрлаған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада банк қызметкері зейнеткердің депозитінен 6 миллион теңге ұрлаған

Қала тұрғыны депозиттен ақша жоғалып кеткенін айтып, полицияға арызданған. Қарт адам 2018 жылдан бері депозитке салып, пайдаланбаған ақшасын алу үшін банкке келген. Ол банктен шотында жинақ жоқ екенін білген, - делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Есіл аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаны жоғалуына банк қызметкерінің қатысы барын анықтады.

Белгілі болғандай, банк қызметкері есепшоттарға қол жеткізе отырып, жәбірленушінің 6 миллион теңгесін досының есепшотына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған.

Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Бір күннің ішінде полицейлер шабуыл жасаған адамды анықтап, ұстады.

23 жастағы күдіктіге қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені белгілі болды.