Елордада мемлекеттік бағдарламамен баспана әпермек болған алаяқ ұсталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Жәбірленушілердің бірі тұрғын үйдің құжаттарын растап тездетіп рәсімдейтініне сеніп, оған 2 млн 100 мың теңге төлеген. Бүгінгі таңда ол 16 эпизод бойынша күдікті. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға және кезекке тұруға көмектесетін байланыстары туралы әңгімелерімен үй алғысы келетіндерді сендірген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Полицейлер азаматтарға сақ болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде тым сенгіш болмауға кеңес береді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды