00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бейтаныс біреуге телефонын бергісі келмеген жігіт 4 тісінен айырылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бейтаныс біреуге телефонын бергісі келмеген жігіт 4 тісінен айырылды

Сағат шамамен 23:00-де жігіт Есенберлин көшесінің бойымен ұялы телефон арқылы сөйлесіп келе жатқан. сы Оуақытта күдікті әлгі жішітке жақындап келіп, қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруды өтінген. Жас жігіт телефонын беруден бас тартқан. Бұған жауап ретінде қаскүнем жәбірленушінің жағынан бір қойып, құны 100 мың теңге тұратын телефонын алып, қашып кеткен, - делінген елордалық ПД хабарламасында.  

Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған 34 жастағы күдіктіні «ізін суытпай» ұстаған. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Күдікті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.