«Жұмысқа тұруға көмектесемін»: Астаналықтардың ақшасын иемденген алаяқ ұсталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ер адам алаяқтық жолмен, жұмысқа орналасуға көмектесемін деген уәдемен 44 жастағы ер адамның ақшасын иемденген. Анықталғанындай, алаяқ сенімге кіріп, жәбірленушіні жұмысқа орналастыруға көмектесетін ықпалды туыстары бар екенін айтып сендірген. Келтірілген шығын 100 мың теңгені құрайды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Тергеу барысында полицейлер оның дәл осындай жолмен бірнеше елорда тұрғынын алдап, ақшасын иемденгенін анықтады.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлер алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
22 қараша, 2024
Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды